USD
USD
USD

LRT құрылысы: Негізгі желіде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды

Жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл елорданың стратегиялық көлік жобасы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі.

LRT
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Барлығы №101–118 станция аралығында және олардың аралықтарында 89 600 погондық метр рельс төселді. Қазіргі уақытта рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр, одан кейін олардың соңғы бекітуі басталады.

Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылды. Олар жіксіз төсеу технологиясы тәсілімен алдын ала кернелген шпалдарға заманауи DTVII2-1 бекіту жүйесі арқылы орнатылды. Айтылған технология жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жолаушылар мен жақын маңдағы аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай туғызбау үшін жасалған.

Бұдан әрі төтенше жағдайлар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эвакуациялық платформаларды орнату жұмыстары жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер