USD
USD
USD

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астанада Tarlan Astana жобасының екінші кезеңі салынып жатқанына байланысты екі көшеде көлік қозғалысы шектелді.

Астана
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. 7 қазаннан бастап Сығанақ көшесінің Төле би мен Айтматов көшелерінің арасындағы бөлігінде және Айтматов көшесінің Сығанақ пен Қ. Мұхамедханов көшелерінің арасындағы учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

CTS жол қозғалысына қатысушыларды осы өзгерістерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.

«Жол қозғалысына қатысушылардан өзгерістерді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген CTS мәлімдемесінде.

Айта кетейік, қазір Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) екінші кезеңі салынып жатыр. Жоба Астана мен Қосшы арасындағы көлік қатынасын жеңілдетуге бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна