USD
USD
USD

Лос-Анджелесте ұшақ өртенді

Philippine Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағының қозғалтқышы өртке оранғаннан кейін Лос-Анджелес әуежайына оралуға мәжбүр болған, деп хабарлайды CBSLA.

Лос-Анджелесте ұшақ өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұшақ Лос-Анджелес халықаралық әуежайынан 21 қараша күні жергілікті уақытпен 11:00-де көтерілген. Жолаушылардың бірінің айтуынша, лайнер әуеге көтерілгеннен кейін салоннан төрт рет қатты соққының дыбысы естіліп, оң жақ қозғалтқышы жана бастаған. Оқиғаны жердегі Лос-Анджелес тұрғындары видеоға түсіріп алған. Видеодан ұшып бара жатқан ұшақ қозғалтқышында өрт шыққанын көруге болады. Авиалайнер ұшқаннан кейін бір сағат өткен соң әуежайға қайта қонды. Әуе кемесі өкілінің айтуынша, қозғалтқыштағы өрт механикалық ақаулар салдарынан тұтанған. Рейс жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар басқа ұшаққа отырғызылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy