USD
USD
USD

Лондонда тарихи ғимарат көк байрақ түсіне боялды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінің құрметіне Лондон орталығындағы ғимарат еліміздің көк байрағының түсіне боялды. Сонымен қатар ел егемендігінің 30 жылдығы логотипы да қасбеттен көрініс тапты.

Лондонда тарихи ғимарат көк байрақ түсіне боялды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлыбританияның басты ауданы Трафальгар алаңы жанында орналасқан тарихи ғимараттың бой көтергеніне бір ғасырдан астам уақыт болған. Қазір мұнда Қазақстан Республикасының елшілігі жұмыс істейді. Kazakhstan House деген маңдайшасы бар нысанның жанынан күнбе-күн миллиондаған туристер мен жергілікті тұрғындар өтеді. Тәуелсіздік күні кешінде Лондонда уақытша тұрып жатқан қазақстандықтар да ғимарат жанында жиналып, ұлттық әнұранымызды орындады.

«Осы мереке-тоймен құттықтағым келеді. Аман болыңыздар, сау болыңыздар. Мереке құтты болсын. Алға, Қазақстан!», дейді «Болашақ» бағдарламасымен Кингс Колледж университетінде сот-медициналық сараптама мамандығы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан студент Әзиз Ибрахимов. «Мен алға, Қазақстан дегім келеді. Халыққа барлық жақсылықтарды тілеймін. Бұл өте жақсы бастама. Мен Қазақстанды қолдаймын!» дейді көше жүргіншелерінің бірі Адам Смит.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе