USD
USD
USD

Лондон тұрғындары вакцинаға қарсылық білдіруде

Лондон тұрғындары коронавирустық шектеулер мен вакциналауға қарсылық білдіріп, ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лондон тұрғындары вакцинаға қарсылық білдіруде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір топ тұрғын наразылық акциясын жергілікті сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырды. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені қоғамдық орындарға кіру үшін маска тағу міндеттелген. Алайда ережеге бағынғысы келмегендер өз наразылығын тура сауда орталығының ішінде білдірген. Салдарынан ғимараттағы бірқатар дүкенді уақытша жабуға тура келді. Бұдан бөлек мыңдаған адам наразылық шарасы ретінде Лондон көшелерімен жүріп өткен. Бейнежаздабан көрініп тұрғандай, қатысушылар маска тақпаған. Әлеуметтік қашықтық та сақталған жоқ. Сарапшылар мұның соңы коронавирусты жұқтыру деректерінің артуына әкеп соқтырмаса болды деп отыр. Алайда ереуілге шыққандардың кейбірі «вирус жоқ» деп ұрандатқан. Басқалары вакцина салдыруға қарсы екендерін айтқан. Енді біреулері шектеулер алынып тасталсын деген талап қойды. Негізі 21 мамырда Ұлыбританияда карантиндік шаралар жеңілдетілуі тиіс. Бірақ жұрт арасында вирустың үндістандық штамының тез тарауына байланысты билік мұны кейінге қалдыру мүмкін деген әңгіме тараған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер