Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Лондон неден айырылды?

Амстердам Лондоннан Еуропа құрлығындағы ең ірі биржалық сауда орталығы ретінде асып түсті, – деп хабарлайды Fintech Zoom.

Лондон неден айырылды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ірі қор биржаларының бірі CBOE Europe мәліметтеріне сәйкес, Euronext Амстердам және CBOE Europe мен Turkuoise голландтық филиалдарындағы сауда-саттық көлемі күрт өсіп, қаңтарда күнделікті бағамы 9,2 миллиард еуроны құрады, ал Лондондағы сатылым құлдырап, 8,6 миллиард еуроға азайды.

Осылайша Амстердам Ұлыбританияны еуропалық нарықтың басты орталығы ретіндегі тарихи позициясынан ығыстырды.

Бұл өзгеріс Лондонда Еуропалық одақ (ЕО) қаржы институттарының сауда жасауына тыйым салумен байланысты болды.

Сарапшылар бұл жағдайды Brexit-ке байланысты Ұлыбритания капиталының сауда көлемінің жартысына жуығы ЕО-ға көшкендігімен түсіндірді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 31 қаңтарында Ұлыбритания ресми түрде Еуропалық одақтан шықты, бұл өтпелі кезең Brexit деген атпен белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық