USD
USD
USD

Ломбардтар есептік тіркеуден өтуге тиіс

Қазақстанда ломбардтарды есептік тіркеуге арналған құжаттарды ұсынудың жаңа мерзімі белгіленді, деп хабарлады қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА).

Ломбардтар есептік тіркеуден өтуге тиіс
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтарға қарыздар беретін барлық кредиттеу субъектілерінің қызметін реттеу енгізілді. 2020 жылғы 1 шілдеге дейін барлық көрсетілген субъектілер, оның ішінде ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және онлайн-кредиттеу компаниялары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде агенттікте есептік тіркеуден өтуге тиіс», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
ҚНРДА жұмыс істеп тұрған ломбардтардың жарғылық және меншікті капиталына қойылатын талаптарды арттырудың жаңа кестесін ұсынды.
«Агенттік Басқармасының қаулысымен ломбардтар үшін жарғылық және меншікті капиталдарға қойылатын жаңа талаптарды белгілеу мерзімдері ауыстырылды. Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын ломбардтар үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 10 000 000 (он миллион) теңгені, өзге өңірлерде 5 000 000 (бес миллион) теңгені құрайды. Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын ломбардтар үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 70 000 000 (жетпіс миллион) теңгені, өзге өңірлерде 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 25 жастағы жігітті атып кетті: күдікті қамауға алынды

полиция есертеді

«Заң және тәртіп» қағидатының нақты жүзеге асуы тәуелсіз сот жүйесіне байланысты – сарапшы

«Әділет» партиясы

«Қауіпті қылмыстық топ мүшелері атып кетті»: Жамбыл облысында жас жігіт оққа ұшты

Ахмет Дүкенбай

Алматыдағы колониялардың бірінде екі адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады

сотталған