USD
USD
USD

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

19 наурыздан бастап ломбардтар алдындағы міндеттемелер соттан тыс банкроттық рәсімі шеңберінде қарастырылмайды.

Ломбард
Фото: npral.ru

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Комитет өкілдерінің түсіндіруінше, «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң ережелеріне сәйкес, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін банктер, коллекторлық агенттіктер және микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегін 12 ай бойы төлемеген болуы керек. 

Микроқаржы ұйымдарының бір түрі ретінде саналатын ломбардтардың қызмет ерекшелігі – қарыздардың толықтай кепілмен қамтамасыз етілуінде. Яғни, қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, ломбардтар оның кепіл мүлкін өз бетінше сатады. Осыған байланысты ломбардтар алдындағы міндеттемелер бойынша төлемнің болмау мерзімі 12 айдан аспайды.

«Енгізілген түзетулер ломбардтар алдындағы міндеттемелер бойынша төлемнің болмау мерзімін есепке алмауға мүмкіндік береді», – дейді Кірістер комитеті өкілдері.

Осылайша ел азаматтарына соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану арқылы өз қаржылық мәселесін шешуіне жағдай жасалмақ.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек