USD
USD
USD

Ломбард басшыларының қайда екені белгілі болды

Халықты алдаған  «Гарант 24» және «Estate Ломбард» ломбардының басшылары қайда екені белгілі болды.

Ломбард басшыларының қайда екені белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция ломбардтар ұрлаған 40 миллион теңгенін қайда екенін анықтады.

«Қазақстандықтардан алынған ақшаның басым бөлігі қолма-қол төлеммен жасалған, инкассацияланған. Қаржы бақылау комитетімен, Бас прокуратурамен бірігіп, ұрланған ақшалар мен мүлікті қайтарып алу бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Тексеріс барысында 40 миллион теңгенің табылғанын айта аламын. 21 пәтер мен 3 үйге, 30-дан аса көлікке тыйым салынды», - деді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Қазіргі таңда 2 күдікті іздеуде.

«Өкінішке қарай, олар азаматтар шағымданғанға дейін Қазақстан аумағынан кетіп қалған. Қазіргі уақытта олар Ресей мен Қырғызстанда жүруі мүмкін деген ақпарат бар. 15 күдікті қамауға алынды. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр», - деді Әділов.

Қазір оқып жатыр

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

ү

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG

«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

.

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк