USD
USD
USD

Локдаун жариялануы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысы толық локдаунға жабылуы мүмкін. Кейінгі екі аптада өңірде COVID-19 деңгейі 1,5 есе өскен. Мұны өңірдің санитариялық дәрігерлері вакцинация қарқыны төмен болуымен және дельта штамының тарауымен байланыстырып отыр.

Локдаун жариялануы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  СҚО бас санитария дәрігерінің орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, кейінгі кездері облыс бойынша тек 200-300 адам вакцина салдырады, бұл эпидахуалға кері әсер ете бастаған. Бірақ Қазақстанның барлық өңіріндегі жағдай бірдей емес. Мысалы, Түркістан облысында және Шымкентте вакцинация жоспары 30 қыркүйекте орындалған. Бүгінде екі өңір де "жасыл" аймақта. Вирус тарау қарқыны азайып,  шектеу шаралары жеңілдеген.  

Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше, вакцинация қарқыны азайып, ауру деңгейі өсіп жатыр.  

"Екі аптадан бері Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта. Егер ауру деңгейі азаймаса мекемелердің жұмысын тоқтатып, локдаун жариялауымызға тура келеді. Әрине, бұл мәжбүрлі шара, себебі науқастар санының көбеюі медициналық мекемелерге салмақ түсіруі мүмкін", - дейді Арман Күшбасов.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті