USD
USD
USD

Ливия астанасында мигранттар ереуілге шықты

Ливия астанасында мигранттар ереуілге шықты. 

Ливия астанасында мигранттар ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ливия астанасы Триполидегі БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары штаб пәтерінің алдында ондаған мигрант ереуілге шықты. Наразылар жергілікті биліктен кірмелерді өзге жерге көшіруді талап етті. Көбі Ливиядан кеткенді қалап отыр. Айтуларынша, босқындар паналап жатқан жерде өмір сүруге еш жағдай жасалынбаған. Оған қоса тәртіп сақшылары келімсектерге күш қолданып, абақтыда отырғандарды соққының астына алатынын айтып отыр. Айта кетейік, ақпарат көздері жуырда Триполидегі мигранттарды ұстау орталығында жәбір көрген 6 келімсек қаза тапқанын жариялаған еді. Қазір бұл орталықта шамамен 10 мыңнан астам адам өмір сүреді.

Қазір оқып жатыр

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.

Суреттер үшін туған әпкесін өлтірді ме? Әзербайжанда 18 жастағы жігіт ұсталды

.

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев