USD
USD
USD

«Ливерпуль» осы маусымдағы екінші титулына қол жеткізді

"Ливерпуль" футбол клубы 2006 жылдан бері алғаш рет Англия Кубогын жеңіп алды. Олар финалда өздерінің мәңгі қарсыластары – "Челсиді" пенальтимен (6:5) ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ливерпуль» осы маусымдағы екінші титулына қол жеткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Уэмблиде" өткен Англия Кубогының финалдық матчы негізгі уақытта да, қосымша уақытта да тең есеппен аяқталды.

Константинос Цимикас шешуші айып добын соғып, "Ливерпульге" осы маусымдағы екінші олжаны қанжығаға байлатты.

27 ақпанда бұл командалар Англия лигасы кубогының финалында кездесіп, онда да Ливерпуль сәттілікке қол жеткізген.

Команда жаттықтырушысы неміс Юрген Клопп болса, "Ливерпульмен" бірге алтыншы олжаны еншіледі, оның мансабында барлығы 11 атақ тіркелді. Клопп шәкірттері АПЛ (2020), Чемпиондар Лигасы (2019), УЕФА Суперкубогы (2019), Клубтық Әлем чемпионаты (2019) және Англия лигасы кубогы (2022) чемпиондары атанды.

"Ливерпульге" келгенге дейін Юрген Клопп Бундеслигада және Германия Суперкубогында екі рет, дортмундтық "Боруссиямен" Германия Кубогында бір рет жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Пашинян оппозицияны «Арменияға ҰҚШҰ бітімгерлерін кіргізгізі келеді» деп айыптады

Никол Пашинян

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие