USD
USD
USD

«Ливерпуль» чемпиондық атаққа қол жеткізу жөнінен рекорд орнатты

Англия Премьер-лигасында «Ливерпуль» командасы жеті тур бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ливерпуль» чемпиондық атаққа қол жеткізу жөнінен рекорд орнатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ливерпуль» басты қарсыласы - «Манчестер Сити» клубынан 23 ұпайға озып кеткен болатын. Соңғы турда «Ливерпуль» «Кристалл Пэлас» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Манчестер Сити» «Челсиге» 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, биылғы чемпион анықталды. Айта кетерлігі, «Ливерпуль» чемпиондық атаққа қол жеткізу жөнінен рекорд орнатты. Ол жеті тур бұрын алтын медаль тағдырын шешіп қойды. Бұдан бұрын 2001 жылы «Челси», 2018 жылы «Манчестер Сити» бес тур бұрын чемпион атанған болатын. Естеріңізге сала кетелік, «Ливерпуль» 30 жылдан кейін жеңімпаз тұғырынан көрініп тұр. Олар соңғы рет 1990 жылы чемпион атанған еді. Бұдан бұрын футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты: Еуропалық іріктеудің ережесі бекітілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.