USD
USD
USD

«Ливерпуль» чемпион болуға лайық па?

Футбол десе ішкен асын жерге қойып, жанкүйер болатын бір қауым ел бар. Осыдан шығар, әлемде аяқ доп бәсекесінің бәсі жоғары. Түрлі команда, топ, ел, құрлық арасында күн сайын жарыстар өтеді. Соның бірі жылсайынғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты.

«Ливерпуль» чемпион болуға лайық па?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында ағылшындық «Ливерпуль» бразилиялық «Фламенгомен» кездесті. 

Бірінші таймда командалар есеп ашпады. 46-минутта Роберто Фирминоның бағыттаған соққысы қақпа бағанасынан кері қайтты. Бразилиялық клуб екінші таймның орта тұсында гол соғатын мүмкіндікті мүлт жіберді. 92-минутта Садио Мане қақпашымен жеке-дара шығып, айласын асыра алмады. Төреші бастапқыда пенальти белгілеген, алайда, бейнеқайталау бұл шешімнің бұрыстығын көрсетті.

Бірінші экстра-таймда Роберто Фирмино «Ливерпульге» жеңіс әкелді. Осылайша, «Ливерпуль» өз тарихында тұңғыш рет клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2000 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл турнирге УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Либертадорес Кубогын ұтып алған әр құрлықтың чемпиондары қатысады.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park