USD
USD
USD

Ливанға 67 тонна медициналық тауар жіберілді

БҰҰ осы аптаның соңына дейін Ливанға 67 тонна медициналық тауар жібереді, деп жазды 24.kz.  Ұйым өкілдерінің айтуынша, алдағы үш айда 700 мың адамға жедел көмек көрсетілу қажет.

соғыс
Фото: 24.kz. 

Алматы, NEGE. Бір күн бұрын Түркия да Ливанға теңіз арқылы 300 тонна гуманитарлық жүк жөнелткен еді.

 БҰҰ өкілдерінің айтуынша, Ливандағы жағдай Газа секторындағы дағдарысқа ұласып кетуі мүмкін. Қазір бұл елде 30-дан астам алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы жабық тұр. Бір миллионнан аса тұрғын қоныстарын тастап кетуге мәжбүр болған. Мыңға жуық мектеп уақытша паналау орталығына айналды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 30-ы күні Израильдің жаяу әскері Ливан аумағына кірді. Соның кесірінен 400 мың адам бас сауғалап, Сирияға қашты.


Қазір оқып жатыр

Қазақстандық бортсерік қыз Кувейтте жансақтау бөліміне түсті: экипаж жапон энцефалитін жұқтырған болуы мүмкін

уланған қыз

Mercedes-Benz-тің Германиядағы зауыттары жабылуы мүмкін

Mercedes-Benz

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі

арнайы күштер

«Бір басын шапсаң, үш басы өседі»: экономист «Самұрық-Қазынаны» айдаһарға теңеді

Самрұқ