Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ливанда парламенттік сайлау өтіп жатыр

Ливан Республикасында парламенттік сайлау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ливанда парламенттік сайлау өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел бойынша сайлау учаскелері таңғы сағат 7-ден бастап жұмыс істеп тұр. Дауыс беру құқығы бар 3,6 миллионға жуық ливандық азамат парламенттің 128 мүшесін сайлайды. 103 сайлау тізімінде ұсынылған 718 кандидат Ливан заң шығарушы органдағы орындар үшін таласады.

Сайлауды ЕО, Араб мемлекеттері лигасы және Халықаралық французтілді ұйымынан 300-ге жуық бақылаушы бақылап отыр. Вильсон орталығының мәліметінше, бұл жолы саяси қызметке түсуге үміткер әйелдердің рекордтық саны (118 адам) тіркелген. Бұл алдыңғы сайлаулармен салыстырғанда 37% артық. Сайлау округтері елдің бес аймағында орналасқан. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример