USD
USD
USD

«Лицензиядан өте алмаған балабақшалар жабылмайды»: Сүлейменова жаңа талаптарды түсіндірді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін міндетті лицензиялаудан өте алмаған балабақшалар жабылмайтынын мәлімдеді.

Балабақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Министрдің сөзінше, Қазақстанда 12 мың балабақша бар және бүгінде олардың лицензиялауға қойылатын 10 талапқа сәйкестігі зерделенген.

Қазір 5 мыңнан астам балабақша лицензиялаудың барлық 10 талабына сай. Қалғандарының бір бөлігі 7, 8 немесе 9 талапты орындаған. Ал 150-ге жуық балабақша әзірге бірде-бір талапқа сәйкес келмейді.

«Лицензиядан өтпеген балабақшалар жабылмайды. Бірінші кезекте 10 талапқа сәйкес келетін балабақшаларды лицензиялап аламыз. Содан кейін бұл жұмысты кезең-кезеңімен жалғастырамыз», – деді Жұлдыз Сүлейменова Үкімет сағатына арналған брифингте.

Министр лицензиялаудан бірден өте алмаған балабақшалар талаптарды орындап, қайта өтініш бере алатынын жеткізді. Ал мемлекеттік тапсырыс алғысы келетін жекеменшік балабақшалар 10 талаптың бәріне сай болуы тиіс.

Министр балабақшалардағы балалар қауіпсіздігі мәселесіне де тоқталды. Оның мәліметінше, 2024–2026 жылдары балаларды балабақшада ұрып-соғудың 42 дерегі тіркелген. Оның 37-сі жекеменшік балабақшаларда орын алған. Ал 36 жағдайда күш қолданғандар тәрбиешілер болып шықты.

Министрдің сөзінше, лицензиялаудың басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру сапасын бақылау және балабақшалардың жауапкершілігін арттыру.

Қазір оқып жатыр

Алматыда ҚазҰУ-дың тағы бір студенті қайтыс болды: күдікті ұсталды

ҚазҰУ

Алматы тұрғыны 6 келіге жуық алтын құймасын денесіне жабыстырып, «Қорғас» арқылы алып өтпек болған

Алтын құймасы

«Қазақстаннан шығарып жіберу керек»: Тұрсынбек Қабатов екінші рет үйленгенін сынағандарға жауап берді

Тұрсынбек Қабатов

Президент жаңадан тағайындалған ҰҚК басшысына ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев және ҰҚК басшылығы