USD
USD
USD

Лионель Месси Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты

Францияның «ПСЖ» командасының шабуылшысы Лионель Месси Криштиану Роналдудың Еуропаның клубтық деңгейдегі рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лионель Месси Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аргентиналық ойынша Франция чемпионатының 30-турында «Ницца» командасымен өткен матчта (2:0) гол соқты.

Бұл Лионель Мессидің Еуропадағы клубтық деңгейдегі 702-голы еді. Сөйтіп ол бұл көрсеткіш жөнінен қазіргі кезде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойнайтын Криштиану Роналдудан (701) асып түсті. Месси бұл нәтижеге жету үшін 105 матчты кем өткізді.

Месси «ПСЖ» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Клубпен келісімшарт 2023 жылға дейін есептелген. Биыл барлық турнирлерде 33 ойын өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet