USD
USD
USD

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі — ІІМ

Қазір аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Астана
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. «Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Біз тергеуді бір ай ішінде аяқтап, қылмыстық іс материалдарын прокурор арқылы сотқа жіберуді жоспарлап отырмыз», – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министр орынбасарының мәлімдеуінше, жасөспірімге қатысты жаза оның әрекетінің саралануы мен соттың шешіміне байланысты тағайындалуы мүмкін.

«Аса ауыр қылмыс жасалды, құқықтық бағаны сот береді. Сот шешімін болжау немесе түсініктеме беру менің құзыретіме кірмейді», – деп түйіндеді С. Әділов.

Еске сала кетейік, биыл 11 ақпанда елордада жасөспірім лифті ішінде баланы пышақтап тастаған еді. Кейін белгілі болғандай пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрған.

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев