USD
USD
USD

Либериядағы шіркеуде 29 адам тапталып өлді

 Либерия астанасы Монровияда бір топ қарулы адам шіркеуге шабуыл жасады.

Либериядағы шіркеуде 29 адам тапталып өлді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нәтижесінде 29 адам, оның ішінде 11 бала тапталып көз жұмды, деп хабарлайды Reuters. Оқиға сәрсенбі күні кешке Нью-Кру-Таун ауданында болды. Шабуыл кезінде шіркеуде жүздеген адам болған. «Біз бір топ қаруланған ер адамның бізге қарай жүгіріп келе жатқанын көрдік, адамдар есікке қарай ұмтылды. Сол кезде кейбір адамдар құлады, ал басқалары оларды таптап кетті», - деді куәгер.

Оның айтуынша, шабуылдаушылар шіркеуге келгендерді тонамақ болған. Дәрігерлердің айтуынша, бірнеше зардап шеккен тұрғынның жағдайы ауыр, сондықтан қайтыс болғандардың саны артуы мүмкін. Жергілікті БАҚ мәліметінше, құрбан болғандардың арасында жүкті әйел де бар. Бейсенбіде оқиға орнына барған Либерия президенті Джордж Веа елде үш күндік аза тұту жариялады.

Қазір оқып жатыр

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық