USD
USD
USD

ЛХР мен ДХР-дегі референдумды біз НЕГЕ мойындамаймыз?

«Луганскі халықтық республикасының (ЛХР) Ресей федерациясының құрамына қосылуына қатысты референдум өтті деп мойындалды. Оған сайлаушылардың 50 пайызынан астамы қатысты», – деп хабарлады ЛХР орталық сайлау комиссиясының басшысы Елена Кравченко.

ЛХР мен ДХР-дегі референдумды біз НЕГЕ мойындамаймыз?
Фото: NEGE.kz

«Луганскі халықтық республикасының барлық аумағында сайлаушылар белсенді болды. Дауыс берудің үшінші күні референдумға қатысушылардың 50 пайыздан астамы келді. Осылайша, референдум өтті деп есептеледі», – депті Е.Кравченко.

ЛХР мен ДХР-ді Ресейдің құрамына өтті деп Қазақстан мойындай ма? Бұл туралы президент Қ.Тоқаев Санкт-Петербургтегі форумда М.Симонянның арандату сұрағына берген жауабында айтып қойған.

«Түрлі пікір айтылып жүр. Біреулер мемлекеттің біртұтастығы – қасиетті ұғым дейді, енді біреулер белгілі бір мемлекеттің құрамына кіретін халықтың өз жеке мемлекеттігіне және бөлінуге құқылы деседі. Жалпы, егер халықтардың осындай құқығы жаппай іске асатын болса, қазір БҰҰ-ның құрамында 193 мемлекет емес, 500 немесе 600 мемлекет болар еді. Әрине, бұл дегеніңіз – хаос. Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны да мойындамаймыз. Дәл осындай принцип Донецкі мен Луганскі сияқты квазимемлекеттік құрылымдарға да қолданылатын болады».

Яғни ЛХР мен ДХР-де өткен «референдумға» қатысты Қазақстанның ұстанымы айқын деген сөз. Әрине, орта жолдан көлденең кедергілер килігіп кетпесе...

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы электр желісіне тиіп кетті: бір ұшқыш қаза тапты

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрбан айт

Путин Қазақстанға сыйға тартылған Амур жолбарыстары туралы айтты

Тоқаев, Путин

Арқалықта мектептің шатыры өртенді

.