USD
USD
USD

ЛГБТ белсендісі шенеуніктерді «жақынырақ танысуға» шақырды

Өткен жылы осы уақытта ІІ «Орталық-Азиялық ЛГБТ-Платформа» жиыны өткен. ЛГБТ-ға қарсы топ пандемия кезінде белсенді әрекет ете алмаса керек, «біртүрлілер» жиынын ың-шыңсыз өткеріп алды. Әрине, онлайн форматта.

ЛГБТ белсендісі шенеуніктерді «жақынырақ танысуға» шақырды
Фото: NEGE.kz

Біз неге бұл жиынға бір жылдан кейін қайыра соғып отырмыз? Себебін төменде түсіндіруге тырысамыз.

Жиынға жас шамасы 35 пен 70 аралығындағы 250-ге жуық адам қатысқан. Бұлардың арасында арнайы шақырылған қонақ – БҰҰ-ның сексуалды ориентация және гендерлік сәйкестілік бойынша арнайы баяндамашысы Виктор Борлоз Мадригал да бар.

Фото: kok.team/ru

Белсенділер төрт күнде 8 тақырыпты қызу талқылапты: Бірінші күні Қазақстандағы ЛГБТ/МСМ (ағылшын тілінен аббревиатура – Men who have Sex with, яғни еркекпен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер – ред.) мүшелерінің жағдайы, оларды қаржыландыру, т.б. мәселелері сөз болса, қалған үш күнде жалпы Орталық Азиядағы ЛГБТ белсенділерінің жай-күйі, исламдағы феминизм, христиандағы сексуалдылық, насихат жұмыстары талқыланып, арнайы платформа жасақталған. Сондай-ақ Facebook әлеуметтік желісінде платформаға қатысушылардың құпия тобы құрылыпты.

Nege.kz тілшісі Прагада өткен гей-парадтың қатысушысы әрі осы «құпия топ» мүшелерінің бірімен тілдесті. Аты-жөнін атамауды өтінген «құпия кейіпкер» өз араларында жоғары лауазымды шенеуніктер бар екенін, олар көмектеспесе де кедергі келтірмейтінін айтады.

– Орталық-Азиялық ЛГБТ жиыны бұған дейін екі рет өтті. Биыл үшінші рет өткіземіз. Өткен жылы онлайн форматта болған, ал биыл бетпе-бет кездесуді жоспарлап отырмыз. Биыл кездесуге 300-ге жуық адам жианалмақ. Жылдан-жылға жақтастарымыздың саны көбейіп келеді, – дейді ЛГБТ белсендісі.

– Карантин талаптарын қайтесіңдер? Мұнша адамды бір жерге жинауға қалай рұқсат етеді?, – деген тілші сұрағына белсендінің жауабы дайын екен

– 500 адамды жинап той да жасап жатыр ғой. Оның үстіне карантин талаптары жеңілдеді. Қайтсек те өткізуге тырысамыз. Шенеуніктер көмектеспесе де, кедергі келтірмейді деп ойлаймыз, – деп жауап берді

– Шенеуніктер арасында жақтастарың көп пе? – деген сұрақтың да реті келе қалды.

– Аз емес! Түрлі министрліктер мен әкімдіктерде, депутаттар арасында ЛГБТ өкілдері бар, бірақ олар бізді белгілі себептермен ашық қолдай алмайды. Біз оларға түсіністікпен қарауға тырысамыз, билік тарапынан агрессияға ұшырағанын қаламаймыз... – деген жауап естідік.

ЛГБТ-ның тағы бір белсендісі Данияр Сәбитов өткен жылы Қазақстанда ЛГБТ өкілдерінің саны 1,5 млн екенін айтып, бұл мәселеде «Қазақстанның тез өзгеріп келе жатқанын» ескерткен ол былай деп өкпесін жеткізген: «ЛГБТ өкілдері барлық салада жүр – саясаткерлер арасында, министрлер арасында, соттар мен прокурорлар арасында да бар. Бірақ, өкінішке қарай, олар үшін карьера мен ақша ориентация мен гендерлік сәйкестік бойынша іні-қарындастарынан, бауырларынан артық боп тұр».

Сөйткен Д.Сәбитов жуырда арнайы презентация жасап, биліктегі аға-әпкелеріне үндеу тастады.

Оның зерттеуіне қарағанда, Қазақстанда 5 460 378 еркек бар. Олардың 62 мыңы – МСМ, яғни еркекпен жыныстық қатынасқа түсуді тәуір көретін еркектер. Алайда ол 62 мың МСМ-нің қаншауы шенеунік екенін және олардың қай салаларда қызмет ететінін ашып айтпады. Бірақ биліктегі жақтастарына жасырын сигнал жіберді.

Сәбитов презентациясын «Шенеуніктер мен ЛГБТ бір-бірінен қорқуды доғаруы керек!» деп аяқтапты. ЛГБТ-шенеуніктер арасынан үн қатуға кімнің дәті шыдар екен?..      

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

футзал