USD
USD
USD

Lexus жүргізушісі мас күйінде көлік басқарған

Ақтөбеде бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілердің жауапкершілігі туралы заңнаманың күшеюіне қарамастан, мұндай фактілер орын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Lexus жүргізушісі мас күйінде көлік басқарған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 6 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Береговая көшесіндегі патрульдік полиция қызметкерлері “Lexus” маркалы автокөлігін тоқтатты. 34 жастағы автокөлік жүргізушісі жүргізуші куәлігінен айырыла отыра, көлік құралын орташа дәрежедегі мас күйінде басқарған. Іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) 124 факті анықталды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын КО басқару құқығынан айырылған, Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаны көздейді.

Қазір оқып жатыр

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Итбалық

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

ҰБТ

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Дәріхана

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

эвтаназиялау