Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әлеуметтік кодекс қалай әзірленіп жатыр?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жақсартуға бағытталған Әлеуметтік кодекстің қалай әзірленіп жатқанын айтып берді.

Әлеуметтік кодекс қалай әзірленіп жатыр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік кодексте өмірдің түрлі кезеңдерінде түрлі жағдайға байланысты көрсетілетін әлеуметтік қорғау және қолдау шараларының тұтас кешені жүйелендіріледі. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатыр. Кодексте әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін сапалы жақсартуға бағытталған негізгі тәсілдер қалыптастырылды. Оның біріншісі – әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету шараларын күшейту, екіншісі – азаматтарды әлеуметтік қолдауды жаңғырту», - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Үшіншісі – әлеуметтік стандарттарды ұсынудың интеграцияланған моделін енгізу, төртіншісі – мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және олардың реинжинирингі және бесінші тәсілде – әлеуметтік институттарды реформалау көзделеді.

«Әлеуметтік кодексті қабылдау келешекте азаматтардың өз әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға, әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға мүмкіндік береді», – дейді Серік Шәпкенов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА