USD
USD
USD

Ленин бюсті: Алматының білім басқармасы мектептегі кездесуге түсініктеме берді

Бірнеше күн бұрын Threads желісінде Алматыдағы мектептердің бірінде Ресей өкілдерінің қатысуымен өткен тарихи-ағартушылық кездесу қызу талқыға түсті. Жағдайға қатысты Алматы қаласының білім басқармасы түсініктеме берді. 

ЖИ
Фото: NEGE/ЖИ иллюстрациясы

Астана, NEGE. Білім басқармасының мәліметінше, 19 қазан күні №32 мектептің мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді еске алу мақсатында іс-шара өткен. Шараға Ресей өкілдері шақырылып, мұражайда Лениннің бюсті, кеңестік тулар мен пионерлік рәміздер тұрғаны белгілі болды.

Кездесу барысында Ресейдің «Россотрудничество» агенттігінің өкілі балаларға КСРО кезеңінің жағымды жақтарын айтып, оқушыларды тарихи жобаға қатысуға шақырған. Жоба аясында Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихына, соның ішінде Ресей империясы кезеңіне қатысты материалдар жинау ұсынылған.

«Жиынға ардагерлер ұйымдарының өкілдері, ғалымдар және Ресейдің Бас консулдығының қызметкерлері қатысты. Оқушылар соғысқа қатысқан ата-бабалары туралы әңгімелеп, отбасында сақталған естеліктермен бөлісті», – деп хабарлады ведомство.

Басқарма білім беру ұйымдарындағы барлық іс-шара Қазақстан заңнамасына сәйкес өткізілуі керек екенін де еске салды. Ведомствоның сөзінше, мұндай кездесулерде қазақстандық патриотизм, елдің тәуелсіздігі мен егемендігі, ұлттық тарих, мәдениет және мемлекеттік рәміздер құрметтелуге тиіс.

Дегенмен қалалық білім басқармасы мектеп мұражайындағы кеңестік рәміздерге қатысты қоғамдық пікірге және Ресейдің мемлекеттік агенттігі өкілдерінің мектеп оқушыларымен кездесу мазмұны кіммен келісілгені туралы түсініктеме бермеді.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы қақтығыс аумағына тап болған қазақ жігіттерінің алды елге орала бастады

Украинадан оралған қазақ жігіті

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

Отбасы банк

Мұнайға инвестиция салмақ болған ақтөбелік бойжеткен 4,3 млн теңгесінен айырылған

Алаяқтық