USD
USD
USD

«Leila» спектаклі сахнаға қайта оралды

Кубалық режиссер Франк Вальдестің «Leila» пластикалық қойылымы сахнаға жаңа хореографиямен және актерлік құраммен қайта оралды.

«Leila» спектаклі сахнаға қайта оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл оқиғаға хореограф Антон Шмаков (заманауи бидегі ең үздік ер адам рөлі үшін «Алтын маска» сыйлығының номинанты) жаңа тыныс сыйлады. Режиссер-хореограф қойылымға тың идеялар енгізіп,шығармашылық шешімге жан бітірген.

«Біріншіден, бұл спектакль бұрын да қойылған. Мен де барлығын өз сезіміммен жеткізуге мүмкіндік болды. Оны барынша пайдалануға тырыстым. Мен үшін бұл жақсы зерттеу. Басқаша қалай болуы мүмкін? Барлығын қалай шатастырмауға болады? Алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, жаңа деңгейге жетудің жолы қандай? Бұл қалай болуы мүмкін? Еркек пен әйел арасындағы өзара әрекетті жаңа сипатта қалай көрсетуге болады? Мен үшін бұл қойылым осы туралы. Олардың кімнің басты екенін бір-бірімен қалай шешетіні емес, болашақта бір-біріне не беретіні маңызды», - деді Антон Шмаков.

Труппаның жаңартылған құрамында Лейланың рөлін қыздардың бәрі сомдайды. Лейланың қандай екенін таңдау көрермендердің өздеріне берілген. Әрқайсысының өзіндік тарихы бар және оның әрбір кейпі дұрыс. 

«Бірінші Лейлада біз оның өзара әрекетін мұқият қозғадық, жаңасында біз ашық диалогтарға көшеміз. Бұл хикаяның жалғасы. Хикая тек Шығыс әйелдері жөнінде емес, адам мен адамның хикаясы», - деді Жанна Төленді. 

«Leila» – әйелдің қоғамдағы орны мен қазіргі әлемдегі рөлі туралы әңгіме. Ол әйелдердің өмірдің барлық салаларында өзін көрсете алатынын және ерлермен қатар өмір сүретінін, өз «таңдауын» қорғай алатынын айтады. Спектакль - ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасы туралы мәңгілік тақырыпқа арқау. Жаңа қойылым осы тақырыпты дамытады және жаңа сауалдарды қояды. 

«Leila» пластикалық спектаклінің ең жақын қойылымы 17 желтоқсанда «Өркен» театрының сахнасында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.