USD
USD
USD

Леди Гага тұрмысқа шықпақ

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары 33 жасар әнші Леди Гаганың сүйіктісін көпшілікке жариялағаннан кейін  өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына Майкл Поланскимен түскен суретін жүктеп, таралған ақпаратты ресми түрде растады.

Леди Гага тұрмысқа шықпақ
Фото: NEGE.kz

«Сүйіктіммен Майамида демалдым. Мен сіздердің барлықтарыңызды жақсы көремін»,- деп әртіс оқырмандарына желі арқылы  сәлем жолдады. Өткен демалыс күндері жұртшылық назарына ілінген ғашықтар, сенбі күні мерекелік кешке, ал жексенбіде футбол ойынын тамашалуға бірге барған. Ақпарат көздеріне сүйенсек, Леди Гага мен Майкл ортақ достары Шон Паркер арқылы  танысқан көрінеді. Әншінің жақындары болашақ күйеужігіттің  байсалды әрі ақылды адам екенін алға тартады. Гарвард университетін тәмамдаған Майкл, бүгінде жеке кәсіппен айналысады. Қызығы сол, осыдан бір жыл бұрын Леди Гага  Кристиан Кариноға тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген еді. Көп ұзамай әнші онымен арадағы байланысына нүкте қойды. Кейіннен әртісті Брэдли Купермен қосқандар да болды. Соңында ол тек қауесет болып шықты. Алдағы уақытта қос ғашық отбасын құруды жоспарлап жүр.

 

Қазір оқып жатыр

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу