USD
USD
USD

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген орманшылығының 70-орамында шыққан орман өрті 18 тамызда түнде анықталды.

Орман өрті
Фото: Видеодан кадр/Экология министрлігі

Астана, NEGE. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, өрт шамамен 13 гектар аумақты қамтыған.

19 тамыз сағат 04:00-ден бастап өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары басталып, оған Түрген филиалы, Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы, «Қазавиаорманқорғау» және жергілікті атқарушы органдардың, аудандық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылған. 

Жалпы өртті сөндіруге 72 адам, 23 автокөлік және авиациялық техника тартылған. Сонымен қатар МИ-8 тікұшағымен өрт ошағына әуеден 3 рет су төгілген.

«Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 19 тамызда сағат 07:00-де орман өрті оқшауланды», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған