USD
USD
USD

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. 

Ләззат Танысбай
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана, NEGE. Ләззат Танысбайдың телевизия саласында 30 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Ол әр жылдары «Астана» телеарнасын, «НҰР-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ны және «Еуразия» телеарнасын басқарған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.

Министрліктің хабарлауынша, жаңа басшының кәсіби және басқарушылық тәжірибесі «Хабар» агенттігінің жұмысын жаңғыртуға бағытталмақ. 

«"Хабар" агенттігінің» басқарма төрағасы ретінде Ләззат Танысбайға агенттіктің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, оның негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту, сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі орнын нығайту міндеті қойылды», – делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Бұған дейін «Хабар» агенттігін басқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Ләззат Танысбай 2025 жылдың 18 тамызында «Еуразия» бірінші арнасының басшысы болып тағайындалған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші