USD
USD
USD

Ләззат Чинкисбаева «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының төрайымы болып тағайындалды

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорын басқарып келген Болат Жәмішев қызметінен кетті.  Басқарма Төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Ләззат Чинкисбаева
Фото: ОКҚ

Алматы, NEGE. «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева сайланды. Ол бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Атамекен» ҰКП құрметті қызметкері» медалімен марапатталған.

Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлады.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Нани, Айка

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

ұлттық бірегейлік

Блогер Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін

жанабылов

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған

әлеуметтік төлем