20 Қазан 13:25
...

Лазерлік литотрипсия: Жаңа заманауи әдіс алғаш рет балалар урологиясында қолданбақ

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
Фото: Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

 ҚР-дағы Жапония Елшісінің қатысуымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында лазерлік литотрипсия (Calculase III) – заманауи аппаратымен жабдықталған еліміздегі алғашқы операциялық бөлме ашылды. 

 Алматы, NEGE. Бұл балалар урологиясында жоғары технологиялық хирургиялық операцияларды орындауға мүмкіндік береді.

«Инновациялар операциялық бөлменің келбетін тез өзгертіп, оның функционалдығы мен тиімділігін арттырады. Calculase III лазерлік жүйесі – Қазақстанда алғаш рет балалар урологиясында балалардың зәр шығару жүйесінің әртүрлі туа біткен және жүре пайда болған ауруларын эндоскопиялық диагностикалау және емдеу үшін, сонымен қатар, несеп-тас ауруы кезінде тастарды ұсақтауда қолданылатын жоғары технологиялық және перспективалы әдісі. Бұл әдіс алғаш рет Республикадағы балалар урологиясында қолданылатын болады. Бұл әдіспен қолданудың ерекшелігі – ең бастысы жарақаттылығы төмен, операция уақытын қысқартады, хирургиялық емдеу қаупін азайтады, бұл жедел емдеу ғане емес, пациенттің стационарда болу уақытын да қысқартады», – деп атап өтті урология бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Әбекенов.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

Естеріңізге сала кетейік, биыл Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима «KUSANONE (Шөп тамыры)» бағдарламасы аясында эндоскопиялық лазерлік литотрипсия аппаратын сатып алу үшін грант бөлген болатын.

«KUSANONE (Шөп тамыры)» бағдарламасы – Жапония Үкіметінің адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде шағын ауқымды әлеуметтік жобаларға өтеусіз көмек көрсету бағдарламасы.

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында жылына шамамен төменгі зәр шығару жолдарының патологиясы бар (уретрия стриктурасы, артқы уретрия клапаны, уретраның операциядан кейінгі тарылуы, уретроцеле, төменгі зәр шығару жолдарының қатерсіз ісіктері) 50 бала емделеді.

Осы уақытқа дейін бұл патологияларға операциялар интубациялық наркозбен ашық түрде жасалды. Хирургиялық емдеу уақыты бір жарым сағаттан 2 сағатқа дейін созылды. Операциядан кейін балалар реанимация бөлімінде кем дегенде бір күн болса, стационарда болу ұзақтығы 10-нан 14 күнге дейін болды. Осы заманауи медициналық жабдық сыйға берілгеннен кейін хирургиялық операциялар ұзақтығы 20 минутты алады, жеңіл маскалық наркоздан кейін бала анасына бірден беріледі. Баланың ауруханада болу ұзақтығы 7-8 күнге дейін қысқарды.

балалар
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

 Жаңа технологияларды енгізу хирургиялық аймақтың жарақатын азайтуға және анестезия уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта уретроцелесі бар үш балаға Гольмий лазерімен абляция жүргізілді және оң нәтижемен артқы уретраның бір клапаны кесілді. Жалпы заманауи жабдықпен 15-тен астам пациент хирургиялық емдеуден өтті. Жаңа жабдықтың арқасында емдеу тиімділігі артып, пациенттердің өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарды. Балалар тез сауығып, үйлеріне шығуда», – деді урология бөлімшесінің меңгерушісі Бақытжан Әбекенов.

Өз кезегінде, Басқарма төрағасының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, м.ғ.к. Гүлнәр Әбділова мұндай жабдықтың ҚР аумағында ешбір балалар медициналық мекемесінде жоқ екенін атап өтіп, бүкіл жапон халқы пен Жапония Үкіметіне баға жетпес сыйлығы үшін зор алғысын білдірді.

Жиыннан соң қонақтар жабдықтар тұрған операциялық залды тамашалады: Цистоуретрофиброскоп. Литотрипсияға арналған CALCULASE III лазерлік жүйесі.