USD
USD
USD

Лай көшкіні: Бір ер адамның денесі табылды

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды.

ер адам табылды
Фото: ТЖД

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 10:36-дағы ақпарат бойынша, лай көшкіні жүрген жерде жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетілді.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапты»,- деп хабарлады департаменттен.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж