USD
USD
USD

«Лаура» қандай дауыл?

  Американың Техас және Луизиана штаттарында «Лаура» дауылының жақындауына байланысты жарты млн-нан астам адам эвакуацияланып жатыр, деп хабарлады Reuters.

«Лаура» қандай дауыл?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 420 мыңнан астам Техас тұрғыны мен Луизианадағы 200 мың адамды эвакуациялау туралы бұйрық берілді. Дауыл бүгін түнде Америка жағалауларына соғады деп күтілуде. Мексика шығанағында дауылға байланысты мұнай өндірісі де уақытша қысқарады. Бұған дейін Техаста екі тропикалық дауылға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

 Сейсенбі күні «Лаура» дауылы тропикалық құйынға айналған. Желдің жылдамдығы шамамен 33 м/с дейін күшейіп, тіпті одан да асып барады. АҚШ-тың дауылдарды бақылау бойынша Ұлттық орталығының соңғы бағалауынша, «Лаура» Техас пен Луизиана жағалауына сәрсенбі күні кешке жетеді.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай