USD
USD
USD

Латын Америкасында коронавирус дендеп барады

Сондықтан өңірдегі елдер карантинді күшейтуге мәжбүр. Мәселен, аргентиналық балалар енді қашықтан оқиды.

Латын Америкасында коронавирус дендеп барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аргентинада осы аптада коронавирус жұқтырудың тәуліктік өсімі бойынша рекордтық деректер тіркелді. Сондықтан шектеу шаралары күшейтіледі. Негізі бұған дейін 20 адамнан артық жиналуға, жабық жерде спортпен шұғылдануға тыйым салынған. Тамақтану орындарды түнгі 11-ден кейін жұмысын тоқтатуы тиіс. Енді жаңа ережелер бойынша ел астанасы Буэнос-Айрес оқушылары қашықтан оқиды. Қала мен оның төңірегіндегі өңірлерде кешкі 8-ден кейін коменданттық сағат енгізіледі. 

Аргентина президенті Альберто Фернандес: "Кешкі сағат 8-ден таңғы 6-ға дейін көшеде жүруге болмайды. Одан бөлек, ойын-сауық орындары мен мәдени және спорттық нысандар жабылады. Балалар келесі дүйсендібен бастап онлайн оқиды. Бұл әзірге 2 аптаға созылатын шара", - деді.

Аргентина президенті қалыпты жұмысқа бүгін ғана қайта оралды. Ол коронавирус жұқтырған еді. Мемлекет басшысы қатаң карантиннен бас тартып келген. Өйткені мұнда кедейлік деңгейі жоғары. Сондықтан шара онсыз да шатқаяқтап тұрған экономикаға ауыр соққы болатынын айтқан. Аргентинада биліктің вируспен күрес шарасына қарсы наразылық акциясы өтті. Бірақ бір қызығы, ол жергілікті үкіметке емес, көрші Бразилия президентіне қарсы ұйымдастырылған. 

Қазір оқып жатыр

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қуанышбек Серікжанов

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев