USD
USD
USD

Латын Америкасында COVID-19 бойынша ахуал оңалмай тұр

Әлемде КОВИД-19 пандемиясы шарықтау шегіне жеткен жоқ. Вирусты жұқтырғандар саны әлі де артып, індет тек үдей түсуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады.

Латын Америкасында COVID-19 бойынша ахуал оңалмай тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, да кісі өлімі бойынша да әлемде көш бастап тұрған ел АҚШ. Ең күрделі жағдай Техас, Айдахо, Аризона, Флорида мен Калифорния штаттарында. Мамандар шектеу шараларын қабылдамаса, күн сайын 100 мың жаңа науқастан тіркелуі мүмкін. Қазірдің өзінде де жағдай мәз емес. Мәселен, 3 шілдеде мұнда бір күнде 52 мың американдықтың вирусты жұқтырғаны расталды. Сондықтан кейбір штаттар карантинді қайта енгізген.  

Шектеу шаралары тек АҚШ штатарында ғана емес, өзге елдерде қайта енгізіліп отыр. Мәселен, Австралияның Мельбурн қаласының тұрғындары енді алдағы 6 апта бойы үйде отыратын болды. Өйткені, билік өзін өзі оқшаулау тәртібін енгізді. Себебі шаһарда коронавирус қайта өршіп барады. Бұдан бөлек осы Мельбурн орналасқан Виктория штатының көрші Жаңа Оңтүстік Уэльс штатымен арадағы шекарасы жабылды. Мұндай жағдай соңғы рет 100 жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 1919 жылы болған еді. Ол кезде арадағы шекараны испандық тұмау пандемиясына байланысты жабуға тура келген.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі Гладис Береджиклян: "Енді Виктория штатаның тұрғыны біздің аумаққа  өтеалмайды. Шұғыл қажетті болса, рұқсат қағазын көрсетуі керек болады. Қана қиын болғанымен, халық саулығы үшін осындай қадамға бардық. Викторияда қазір коронаирус аса жылдамдықпен тарап жатыр. Сондықтан, сақтану  қажет", - деді.

Бразилиядағы жағдай да оңып тұрған жоқ. АҚШ-та вирусты жұқтырғандар саны 3 миллионнан асса, Латын Америкасындағы бұл елде олардың саны бір миллион 700 мыңға жуықтап қалды. Соңғы тәуліктің өзінде мұнда 45 мың жаңа науқас тіркелді. Солардың қатарында президент ЖаИр БолсонАру да бар. Мемлекет басшысы жексенбі күні өзін нашар сезінген. Сөйтіп, тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Алайда соған қарамастан президент бұрынғысынша карантин шараларын сынға алуын қояр емес.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы