USD
USD
USD

Лас-Вегастағы спортзалдағы атыстан екі адам қаза тапты

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы спортзалдардың бірінде орын алған атыс салдарынан екі адам қаза тапты, олардың бірі – шабуыл жасаған күдікті. Бұл туралы EADaily агенттігі AP ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атыс
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға 17 мамыр күні тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде үш адам жарақат алған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, қарулы ер адамды спортзалдың кіреберісінен тапқан.

Лас-Вегас полициясының капитаны Эсмеральда Боведа таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті қашуға әрекеттенгенімен, құқық қорғау органдарының қару қолдануы арқылы тоқтатылған. Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та ФБР-дің бұрынғы директоры жариялаған жазба экс-президент Дональд Трампқа қарсы өлімге итермелеу ретінде бағаланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.