USD
USD
USD

Лаосқа жұмысқа барып алданып қалған қызы: Полиция іс қозғады

Қазақ қызы шетелде қиын жағдайға тап болды..

Лаосқа жұмысқа барып алданып қалған қызы: Полиция іс қозғады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шетелде қиын жағдайға тап болған Әнел Бермағамбеттің ісін Ішкі істер министрлігі тергейді. 

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде Лаостағы қазақстандық азаматша жағдайына байланысты жазба жарияланды.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабының 1-бөлігімен (адам ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған мәліметтерге сәйкес ресми ақпарат қосымша ұсынылады. Оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды» деп мәлім етті ведомстводан.

Жәбірленушінің ағасымен байланыс орнатылды. Сонымен қатар ҚР консулдығы департаментіне хат жолданған.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры