USD
USD
USD

Лакшми Миттал инвесторлар тізімінен шыққаннан кейін өндірістің аты өзгереді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында үнді кәсіпкері Лакшми Митталдың кәсіпорын акционерлерінен шыққаннан кейін өндірістің атын өзгертуге тура келетінін айтты.

Лакшми Миттал инвесторлар тізімінен шыққаннан кейін өндірістің аты өзгереді
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Қанат Шарлапаев үкіметтің "АрселорМиттал" компаниясымен ұзақ уақыт бойы келіссөз жүргізгенін атап өтті.

"Біз 22 қазанда "АрселорМиттал" компаниясымен алдын ала құжаттарға қол қойдық. "АрселорМиттал" қол қою шахтадағы қайғылы оқиғаға дейін болғанын растады. Бұған дейін үкімет пен "АрселорМиттал" арасында ұзақ жұмыс кезеңі болды", - деді Қанат Шарлапаев.

Қазір үкімет инвестор AMT акционерлерінен бас тартқаннан кейін оны Қазақстанда одан әрі сот процестерінен қорғау үшін жұмыс істеп жатыр. Компанияның атын да өзгертуге тура келеді. 

"Арселор қазақстандық кәсіпорынның акционерлерінен шығуына байланысты біз Aрселор атауын пайдалануға құқығымыз болмайды. Шынымызды айтсақ, біз әлі қарастырған жоқпыз. Бірақ ең бастысы зауыт қызметкерлерінің пікірін ескеруіміз керек деп ойлаймын", - деді Қанат Шарлапаев. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.