USD
USD
USD

Ләйлә Сұлтанқызы отадан кейінгі жағдайымен бөлісті

Осыдан санаулы күн бұрын желіде Ләйлә Сұлтанқызының көмекшісі жазба жариялаған болатын.

Ләйлә Сұлтанқызы отадан кейінгі жағдайымен бөлісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматыға не үшін келгенімді айтайын. Ләйлә ханымның денсаулығы сыр беріп, жедел түрде ота жасалды. Қазір жағдайы бір қалыпты. Байланысқа өзі шығады. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер», – деген еді.

Мұны естіген тележүргізушінің оқырмандары: «Көтере алмаған ғой», «Жаныым», «Сауығып кетсін», «Жазылып кетші алтын қыз», — деп пікірлер легін жазды.

Енді бүгін Ләйләнің өзі желі арқылы алаң көңілді ағайындармен жағдайын бөлісті.

«Қазір бәрі, жақсы, шүкір! Ғұмырымның ең ауыр кезеңінде қолдау көрсеткен сіздерге көп рақмет. Денсаулықарыңызды күтіңіздер. «Алла сүйген құлын жиі сынайды», – дейді, бұл күндерден де өтерміз» – деп жазды ол инстаграм парақшасындағы сторис бөлімінде.

Айта кетейік, жуырда ғана Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі, белгілі кәсіпкер Қайрат Беркінбаев өмірден озған еді.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді