USD
USD
USD

Lada-ның бағасы бірден 15%-ға көтерілді

"АвтоВАЗ" концерні 1 наурыздан бастап LADA автомобильдерінің бағасын күрт өсірді. Модельдік қатардағы орташа өсім - шамамен 15%.

Lada-ның бағасы бірден 15%-ға көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі бағаға сәйкес, қазір ең арза Lada Granta 685 мың рубль немесе 7 мың доллар ға сатылады(+14%). Ал Vesta – 1 миллион 33 мың рубль немесе 10,5 мың доллар (+20%), Largus Universal – 1 миллион 77 мың рубль немесе 10,9 мың доллар (+30%), Xray – 1 миллион 10 мың рубль немесе 10 мың доллар (+22%), Niva Legend – 777 мың рубль немесе 8 мың доллар (+9%), Niva travel болса, бір миллион 4 мың рубль немесе 10 мың доллар (+14%).

Осымен баға бір жылда екінші рет көтеріліп тұр. Әдетте өсім 1-3%-тен аспайтын.

АвтоВАЗ толық өндіріс циклі бойынша автомобильдер мен Lada және Renault-ға арналған компоненттер шығарады. Зауыттар Тольятти мен Ижевскіде орналасқан.

Lada бренді бес модельден тұрады: Vesta, Xray, Largus, Granta және Niva. Брендтің ресейлік автомобиль нарығында 20%-тен астам үлесі бар. Жиырмадан астам елде ұсынылған.

Еуропалық бизнес қауымдастығының мәліметі боынша компания 2021 жылы Ресейдегі 350,7 мың көлік сатқан. Өсім - 2%.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық