USD
USD
USD

Kyzdar.net сайтында интимдік қызмет көрсету бойынша жарнама берген күдіктілер ұсталды

Түркістан облысы ПД-нің ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері ғаламтор желісіндегі Kyzdar.net сайтында интимдік сипаттағы қызметтерді ұсынатын жарнама парақшасын құрғандарды анықтады, деп хабарлады Полиция. 

Kyzdar.net сайтында интимдік қызмет көрсету бойынша жарнама берген күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдіктелер, Шымкент қаласының тұрғындары ұзақ уақыт бойы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға жалдап, жеке ақпараттары мен интимдік қызмет үшін белгіленген бағаларын сайтқа шығарып отырған.  

Түркістан мен Кентау қалаларында пәтер жалға алып, оларды "массаж салоны" ретінде жасырып, интим-қызметтер көрсету үшін притон ұйымдастырған. Күдікті әйелдер өз қызметтері үшін жеңіл жүрісті қыздардан заңсыз ақшалай табыстың 50% алып отырған.     

Күдіктілер ұсталды. Олардан ақша, дәптерлер, ұялы телефондар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полицияға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жеңіл жүріс-жүрісті 5 қызы жеткізілді.  

ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе