USD
USD
USD

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан және жеңгетайлық жасаған деген күдікпен Грузиядан Өзбекстан азаматшасы жеткізілді.

Күдікті
Фото: Бас прокуратура/видеодан кадр

Астана, NEGE. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Тергеу барысында күдіктінің ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен бірлесіп әрекет еткені анықталған. Атап айтқанда, олар жезөкшелікпен айналысатын және сексуалдық сипаттағы басқа да қызметтер көрсететін әйелдерден Kyzdar.net сайтына орналастырылған сауалнамаларының шоттарын толықтыруға өтінім қабылдаған. Мұндағы мақсат – олардың сексуалдық қызметтерін сайт арқылы жарнамалау болған.

«Сонымен қатар топ мүшелері түскен қаражаттан комиссиялық сыйақыны ұстап қалып, қалған соманы сайт әкімшілеріне аударып отырған. Осылайша, жеңгетайлыққа бағытталған заңсыз схеманың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен», – делінген прокуратура хабарламасында.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың бірқатар мүшесі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал оның жекелеген мүшелері, оның ішінде күдікті де қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Ол биыл шілдеде Грузия аумағында ұсталған. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға беріліп, елге жеткізілгеннен кейін тергеу изоляторына қамалды.

Сот әйелді кінәлі деп тапса, оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, 16 маусымда Алматы прокуратурасы Kizdar.net интернет-ресурсының болжамды ұйымдастырушылары ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметінше, сайт он бес жылдан астам уақыттан бері жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

Тергеу мәліметінше, күдіктілердің меншігіне шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін 8 компания, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысындағы қымбат жылжымайтын мүлік тіркелген.

Күдіктілер сот шешімімен қамауға алынды. Сондай-ақ олардың 2 млрд теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек

ММА-ден әлем чемпионы Зейнеп Оразхан допинг үшін алтынынан айырылып, үш жылға жарыстардан шеттетілді

Зейнеп Оразхан

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры