USD
USD
USD

КВИ-мен ауырғандардың қан қысымы құбыла бастады

Иммунолог Николай Крючков бұл симптомның COVID-19-бен ауырып, емделгендерде жиі кездеседі деп санамайтынын, бірақ аракідік осындай жағдайлар анықталатынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

КВИ-мен ауырғандардың қан қысымы құбыла бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. "Қан қысымы "секіруі" мүмкін. Бұл жиі кездесетін симптом емес, керісінше бас ауруы жиі байқалады. Қан тамырларының, жүректің және мидың зақымдануы -мұның бәрі әр деңгейде қан қысымының жоғарылауына әсер ете алады. Адамда семіздік, қант диабеті бар-жоғын тексеру керек. Егер адам жақында COVID-19-бен ауырып, жазылған болса әрі одан физикалық немесе психоэмоционалды ауыртпалықтар аңғарылмаса, онда, әрине бұл коронавирустың әсеріне байланысты болуы мүмкін", - деді Крючков Ura.ru-ға берген сұхбатында.

Маман қан қысымының жоғарылауын коронавирустың салдарына жатқызу үшін басқа аурулардың, психоэмоционалды және физикалық ауыртпашылықтың, сондай-ақ созылмалы аурулардың белең алуын болдырмау керек екенін атап өтті.

Бұл үшін, Крючковтың айтуынша, бірқатар диагностикалық процедураларды жүргізу қажет.

Вакциналау - коронавирус инфекциясының таралуымен күресудің ең тиімді әдісі.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама