USD
USD
USD

Квебек мемлекеттік қызметті тек қана өз тілінде көрсететін болды

Канаданың Квебек провинциясының билігі мемлекеттік қызметті тек қана француз тілінде көрсететін болды. Бұл туралы осы аймақтың премьер-министрі Француа Легольт мәлімдеді.

Квебек мемлекеттік қызметті тек қана өз тілінде көрсететін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, бұл шешім заңнамаға өзгеріс енгізуді талап етпейді. Себебі, онда француз тіліне басымдылық берілген нормалар бар. «Егер сіздің ата-аналарыңыз ағылшынса оқыса, онда Квебекте белгілі бір құқығыңыз бар. Егер сіз жаңа иммигрант болсаңыз, онда біз француз тілінде сөйлесуіміз керек», – деп қадап айтты Легольт.

Квебекте жарнамаларда, маңдайша жазуларда және жол белгілерінде бүкіл жазу француз тілінде болуы керек. Ағылшынша жазылса, жазу көлемі французша жазудан үлкен болмауы тиіс.

Ана тілін құрметтеуді квебектіктерден үйренген артық болмайтын тәрізді.

 

Қазір оқып жатыр

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог