USD
USD
USD

Құзға өрмелеушілер 4 медаль алды

Бангалор қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия жастар чемпионаты өтіп, қазақстандық жас спортшылар 4 медаль олжалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзға өрмелеушілер 4 медаль алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы «қола» алды. «Жылдамдық» бойынша «В» тобында Танзила Оспан алтынды олжаласа, осы санаттағы Елизавета Литус 7-ші орынға, Алина Пономарева – 15-ші орынға жайғасты. «А» тобында Аделия Өтешева күміс иеленсе, Зарина Ағылманова - 6-шы және Вероника Плаксина – 8-ші орын алды. Жасөспірімдер тобында қазақстандық спортшы Валерия Ланкова 5-ші орынды місе тұтты.

«Жылдамдық» бойынша жасөспірімдер арасында Сергей Бессмертных финалда жапондық спортшыны басып озып алтынды қанжығаға байлады. «А» тобында қазақстандық спортшы Бекнұр Алтынбеков «күміске» қол жеткізсе, Вадим Ишмұхаметов 8-ші, Ғұсман Хайбуллин – 13-ші орын алды. «В» тобында Евгений Брякин мен Никита Глебов 9-шы және 14-ші орындарға жайғасты.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама