USD
USD
USD

Күзетші өзі жұмыс істейтін мекемеге ұрлыққа түсті

Нұр-Сұлтанда күзетші өзі жұмыс істейтін мекемеге ұрлыққа түсті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Күзетші өзі жұмыс істейтін мекемеге ұрлыққа түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жәбірленушінің айтуынша, демалыс күндерінен кейін жұмысқа шыққан ол кеңсесінен бағасы 150 мың теңге болған ноутбук жоғалып кеткенін байқаған. Тергеу барысында полицейлер ұрлыққа өзгенің көлігін айдап әкеткені үшін бұрын сотталған 31 жастағы күзетшінің қатысы бар екенін анықтады. Демалыс күні спиртті ішімдік ішіп мас болған.

Сол күні күдікті ғимарат ішіне кіріп, ноутбук ұрлап, оны белгісіз біреуге сатып жіберген. Жедел-іздеу шаралары барысында ұсталған қаскүнем өз кінәсін мойындады. Ұсталған ер адамға қатысты сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде, оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қырағы болып, танымайтын адамдарға сенбеуге, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау таспаларымен жабдықтауға кеңес етеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.