USD
USD
USD

Күзде елімізден 1,8 млн тонна егін экспортқа жөнелтілді

Жаңа егіннің 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бидай
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметтері бойынша, қыркүйек-қазан айларында жаңа егіннің тасымалы 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары», — делінген хабарламада.

Ресейге тасымалдау шектеусіз жүргізіліп жатыр. Соңғы екі айда Ресейге 23,4 мың тонна тауар жіберілді, ал Ресей арқылы транзиттік тасымалдау 113 мың тонна болды.

Ақтау порты арқылы Иранға тасымалдау соңғы екі айда 250 мың тоннадан асты.

Орталық Азиядағы дәстүрлі нарықтарда жаңа егіннің тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-дан астамға өсті және 1 млн тоннадан асты.

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу