USD
USD
USD

Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева дүниеден өтті

Белгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева дүниеден озды. Суыт хабарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева
Фото: Бақытгүл Абайқызы

Алматы, NEGE. Дариға Тілендиева 1946 жылы Алматы облысына қарасты Көксу ауданы, бұрынғы Ақтекше ауданында дүниеге келген.

Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды.

Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық