USD
USD
USD

«Күйініп, ашуланып, сарказммен жаздым»: депутат қазақ тілі туралы пікіріне түсініктеме берді

Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның қазақ тілі туралы жазған пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Самат Нұртаза
Фото: Самат Нұртаза/Facebook

Астана, NEGE. Әлеуметтік желілерде депутат «қазақ тілі – кедейлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі» деп жазды деген скриншот тарады. 

Бұл жазбаны шынымен өзі жазды ма, әлде жалған ақпарат па, соны анықтау үшін Самат Нұртазаның өзінен сұрадық.

Оның айтуынша, бұл пікірді ол 2019–2020 жылдары ашуға беріліп, сарказммен жазған.

«Күйініп, ашуланып, сарказммен жазған комментарийім еді. Біреулер ойып алып, басқаша айналдырып салды. Жылда шығады осы скрин», – деп түсіндірді депутат.

Ол бүгін бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасайтынын да айтты.

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі