USD
USD
USD

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Астанада бұрынғы полиция қызметкерінің қолынан қаза тапқан Жазира Адауованың анасы бейнеүндеу жасап, сот процесінің ашық өтуін сұрады.

Жазира Адауова
Фото: отбасылық архивтен

Астана, NEGE. Анасы қызын бұрынғы күйеу баласы пышақтап кеткен күні марқұмның үйінде болғанын, тіпті қызының көліктен құлап жатқанын да өз көзімен көргенін айтады.

«Жәбірленуші тарап ретінде қызымды өлтірген бұрынғы жұбайының өзіне тиесілі жазасын алуын және соттың ашық өтуін талап етемін», – деді марқұм Жазира Адауованың анасы.

Еске салсақ, Жазира Адауова биыл 23 қыркүйекте елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында пышақ жарақатынан көз жұмды. Туыстарының айтуынша, оның бұрынғы күйеуі, бұрын учаскелік полиция қызметкері болған азамат әйелін бірнеше рет ұрып-соққан. Ажырасқаннан кейін де жақындауға тыйым салынғанына қарамастан, оны аңдуын қоймаған.

Жазираның артында екі қызы қалды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов